Инновациялар Сапа Тәжірибе
  • Басып шығару
  • сайт картасы
  • Ағылшын нұсқа
+7 (495) 777-77-34
жасыру

Лицей оқушылары үшін болашақ мамандыққа бір қадам

Құрылғыға сұрау салу
29 Қараша 2013

Мәскеу оқушылары «Грасис» ғылыми-өндірістік компаниясының бас кеңсесіне экскурсияға келді. Бұл шара № 17 лицеймен бірге «Грасис» ҒӨК-на жас мамандарды шақыру бағдаламасының шеңберінде өтті.

Кәсіптік бейімдеуші мен экскурсия жетекшісі ретінде компанияның аға мамандары, физика-математикалық және химия ғылымдарының кандидаттары, ғылыми-техникалық Департаменттің түрлі бағыттарының басшылары болды.

«Грасис» ҒӨК бас директоры Потехин Сергей Владимирұлы «Болашақ мамандықты таңдау кезінде жастар үшін, ақпарат жетіспейтігін жақсы түсінеміз. Бұл сіздер мен біз үшін өте маңызды, өйткені біз үшін болашағы зор әрі талантты жастар әрқашан сұраныста», — деді.

Экскурсия кезінде бейінді физика-химиялық бағыт бойынша 10–11 сынып оқушылары заманауи ауа- және газбөлгіш технологияларымен машықтанып танысуға мүмкіндік алды. Компания мамандары заманауи сынау стендтерінде оқу семинарларын өткізді. Сонымен қатар лицей оқушыларын өндірістің бизнес-барыстарымен таныстырды. Олар түрлі мамандық иелерімен әңгімелесіп, компания құрылымымен, күрделі заманауи техникалық құрылғылардың құрылуына қатысатын барлық бөлімдер мен департаменттердің жұмыс ерекшеліктерімен танысты.

Бейінді лицей түлектерінің арасында Бауман атындағы МЖТУ-ң Ресейдің ғылыми элитасын құруға арналған «Болашаққа қадам» федералды конкурстық бағдарламасының қатысушылары.

«Грасис» ҒӨК-на жас мамандарды шақырту бағдарламасын жүзеге асыру барысында жыл сайын компания қызметкерлерінің қатарын толтыратын елдің жетекші ЖОО-ң түлектері үшін 10 шақты бос орын беріледі.

Қоғамдық оферта емес
Яндекс.Метрика