Инновациялар Сапа Тәжірибе
  • Басып шығару
  • сайт картасы
  • Ағылшын нұсқа
+7 (495) 777-77-34
жасыру

Алдыңғы қатарлы ресейлік химиялық холдинг «Грасис» жабдығын таңдайды

Құрылғыға сұрау салу
3 Желтоқсан 2013

«Грасис» ҒӨК фосфор құрамдас минералды тыңайтқыштар мен жем-шөптік фосфаттарды алдыңғы қатарлы әлемдік өндіруші, «ФосАгро» холдингіне енетін, «Балаковск минералды тыңайтқыштары» ЖШҚ үшін мембранды азот және ауа компрессорлық станцияларын жобалап, дайындады.

Сұйық аммиак қоймасының құрылысы бойынша жобаны орындау аясында азоттық станцияны және сығылған ауаны өндіру бойынша станцияны сатып алуға тендер жүргізілді, оның нәтижесінде «Грасис» ҒӨК жабдығы таңдалынды.

Азот станциясы қойманы технологиялық ауамен және азотпен қамтамасыз етуге арналған және екі желістен тұрады. 50 текше метрдегі желіс қойманың шырақты қондырғысының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге арналған. 500 текше метрдегі желіс қойманың жабдықтарын жөндеуге тапсыру және іске қосуға даярлық кезінде үрлеуші азотпен қамтамасыз етеді. Екі желіспен берілетін азот үздіксіз технологиялық процесі бар химиялық кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

«Грасис» жабдығы Ресейдің химия саласындағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындарында табыспен жұмыс жасайды: «Тобольск-Нефтехим» ЖШҚ, «Уралхимпласт» ААҚ, «Невинномысский Азот» ААҚ, «Оргхим» ААҚ, «Новосибирский завод химконцентратов» ААҚ және көптеген басқаларында.

Қоғамдық оферта емес
Яндекс.Метрика