Инновациялар Сапа Тәжірибе
  • Басып шығару
  • сайт картасы
  • Ағылшын нұсқа
+7 (495) 777-77-34
жасыру

«Грасис» азот стансалары химиялық қаруды жою зауытында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Құрылғыға сұрау салу
21 Қаңтар 2014

Улаушы химиялық заттар қорлары жою жөніндегі Федералды бағдарлама аясында Удмурт Республикасында Кизнер кентінде Ресейдегі химиялық қаруды жою және арнайы қондырғыларды кәдеге жарату ірі зауыттарының бірін пайдалануға берді.

Техникалық жабдықталуы барлық әлемдік ұқсас кәсіпорындардан асып түсетін осы нысанға «Грасис» өндірісінің үш ірі компрессорлық стансалары жеткізіліп, пайдалануға берілді.

Әрқайсысы сағатына 750 текше метр өнімділіктегі екі мембраналық азот стансалары және сағатына 5000 текше метр жоғары өнімділігі бар, блокты-компрессорлық ауа стансалары бүкіл зауытты газ түріндегі азотпен және сығымдалған ауамен қамсыздандырады.

«Грасис» қондырғысы кәсіпорында химиялық қаруды жою технологиясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылады. Мембраналық стансалардан алынатын азот термиялық өңдеу кезінде жарылыс қорларының жануын және жарылу қаупінің алдын алады. Ал «Грасис» блокты-компрессорлық стансаларында өңделетін сығымдалған ауа КИПиА әртүрлі технологиялық қондырғысы және аспаптарына берілу үшін қолданылады.

«Химиялық қаруды жою үрдісі қоршаған орта үшін өте қауіпті. Сондықтан мұндай өнеркәсіптік нысанда технологиялық жабдықтаудың басым бағыты қауіпсіздік болып табылады. Біз бүкіл әлем бойынша мұндай маңызды бағытқа ықпалдас болғанымызға қуаныштымыз», — депе «Грасис» ҒӨК бас директоры, Сергей Владимирович Потехин түсінік берді.

Рсеей химиялық қаруға тыйым салу туралы конвенцияға қол қоюдың бастамашысы болып табылады. Жоспарлы жою барысында 2015 жылға елде құрамында әскери улы заттары бар, артық әскери қорлар қалмауы тиіс.

Қоғамдық оферта емес
Яндекс.Метрика