Инновациялар Сапа Тәжірибе
  • Басып шығару
  • сайт картасы
  • Ағылшын нұсқа
+7 (495) 777-77-34
жасыру

Білікті мамандар үшін күрестегі жеңіс

Құрылғыға сұрау салу
24 Қаңтар 2014

«Грасис» ғылыми-өндірістік компаниясы компанияда 5 жыл бойы жүзеге асырылып келе жатқан, персоналды ынталандырудың жалпы стратегиясының құрамына кіретін қызметкерлерді дамытудың жаңа бағдарламасын іске қосты.

HR саласындағы жұмыс бірнеше бағыттарда жүзеге асырылады: компанияда көп жылдық тәжірибесі бар қызметкерлерді қолдаудың әлеуметтік бағдарламасы, мамандарды ынталандыру бағдарламасы, персоналды дамытудың көп-деңгейлі бағдарламасы.
Персоналды дамыту бағдарламасы 2014 жылы әртүрлі бағдардағы мамандарға арналған оқытатын семинарлардан, біліктілікті жоғарылату курстарынан, кәсіби тренингтерден тұратын болады.

Анкеталау, электронды сауалнамалар және компания ішіндегі өзге әдістермен қатар, барлық мамандар «Грасис» кадрларының кәсіби-деңгейін объективті бағалауға мүмкіндік беретін жыл сайынғы аттестациялаудан өтеді. Мұндай процедура әрбірінің жұмысына дербес жолды қалыптастыруға мүмкіндік береді, мансаптық өсуде ынталандырушы фактор болып табылады және кәсіби дағдыларды дамытуға арналған жаңа мүмкіндіктерді ашады.

Инжиниринг орталығының, Сатып алу және логистика және басқарушылық пен, ақпараттық технологиялар Департаменттерінің, қаржы және коммерциялық департаменттерінің, сонымен бірге компанияның барлық өзге бөлімшелерінің мамандары — бұл компаниядағы негізгі және ең маңызды ресурс. «Грасис» ҒӨК персоналымен жұмыс жасауға бағытталған стратегиялық саясат жылдан жылға үздік жоғары білікті кадрлар үшін бәсекелестік күресте жеңіске жетуге, озық жоғары сапалы өнімді өндіруге және ауа-газ бөлу саласындағы көшбасшы болып қалуға мүмкіндік береді.

Қоғамдық оферта емес
Яндекс.Метрика