Инновациялар Сапа Тәжірибе
  • Басып шығару
  • сайт картасы
  • Ағылшын нұсқа
+7 (495) 777-77-34
жасыру

СКЭК-Кузбасс үшін жоғары вольтты қозғалтқышы бар азотты өрт сөндіру станциясы қойылды

Құрылғыға сұрау салу
27 Маусым 2016

«Грасис» ҒӨК «СКЭК-Кузбасс» АҚ үшін жоғары вольтты қозғалтқышы бар азотты өрт сөндіру станциясын дайындады және іске қосты. Жабдық азотпен немесе құрамында азоты бар көбікпен шахталардың жер асты учаскелеріндегі өртті сөндіруге арналған. Станция сағатына 99% тазалықпен және 20 барға дейінгі қысыммен 700 текше метр азот өндіреді. Өрт сөндіру жүйесі екі блоктан тұрады: «Грасис» ҒӨК өндірген жоғары вольтты қозғалтқышы бар компрессорлық қондырғы базасында дайындалған азот блогы және СКЭК-Кузбасс үшін арнайы құрастырылған және өндірілген бу генераторлық блок.

Өрт сөндіру құрылғысы жоғары вольтты энергия сақтау саласындағы «Грасис» ҒӨК инновациялық жобасы болып табылады. «Грасис» мамандарымен 6 кВ номиналдық кернеу деңгейімен және толықтай алғанда қондырғының мобильділік мүмкіндігін сақтау арқылы станцияны электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша тасырыс берушілердің арнайы талаптарына жауап беретін жиынтықты орындалудағы трансформаторлы аралық станциясы - КТП-160/6/0,4 жобаланды және жүзеге асырылды.

Құрастыру барысында бірегей типтік тораптар қатары әзірленді және бекітілді:

  • Қорғаныш құралдарының қосымша баптауларынсыз жоғары вольтты желіге қосуға мүмкіндік беретін Тапсырыс берушінің 6 кВ желісіне жедел қосылу торабы;
  • қондырғы шегінде жоғары вольтты кабель желілерін тарату жүйесі.

Ықшамды трансформаторлық аралық станция құрамына жоғары вольтты ұяшық – жоғары вольтты жетекті басқару; жоғары вольтты ұяшық – күш трансформаторын қосу; күш трансформаторы – ТМГ 160/6/0,4; 6 кВ қуат көзін енгізудің типтік торабы; ЕТҚ кіреді.

Азоттық өрт сөндіру станциясын шеф-монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу үшін конструкторлық және жобалық шешімдердің сенімділігі мен сапасының 100 %-дық кепілдігін қамтамасыз ететін жоғары вольтты мобильді құрылғыны қабылдау және сынау тәртібі әзірленді және табысты түрде қолданылды.

Анықтама:
Сібір көмір энергетикалық компаниясы (СКЭК) әлемдегі көмір өндіретін жетекші компаниялардың бірі және Ресейдегі ірі көмір өндірушісі болып табылады. СКЭК 2015 жылы ресей көмірінің барлық өндіруінің 26% -дан астамын (97,8 млн тонна), ресей көмірін экспорттаудың 34%-дан астамын, көмірді әлемдің экспорттаудың 5% -ын қамтамасыз етеді.

СКЭК-Кузбасс  үшін жоғары вольтты қозғалтқышы бар азотты өрт сөндіру станциясы қойылды
Қоғамдық оферта емес
Яндекс.Метрика