Инновациялар Сапа Тәжірибе
  • Басып шығару
  • сайт картасы
  • Ағылшын нұсқа
+7 (495) 777-77-34
жасыру

ҒӨК «Грасис» мамандары «Мұнайды жинау, даярлау және тасымалдау жүйелерін оңтайландыру. Ілеспе мұнайлы газды жою-2017» семинар-жиынға қатысты

Құрылғыға сұрау салу
14 Қараша 2017

Көмірсутекті жобалар департаментінің диекторы Солодов Дмитрий Сергеевич және ғылыми-техникалық департаменттің көмірсутекті тобының басшысы Котенко Александр Александрович «Мұнай жинау, даярлау және тасымалдау жүйелерін оңтайландыру. Ілеспе мұнайлы газды жою-2017» семинар-жиынға қатысты. Жиын 10-12 қазан күндері Қазан қаласында өтті, шара ұйымдастырушылары «Инженерная практика» журналы және «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ білімдерді басқару жүйелерінің Желілік топтары.

Жыл сайын өткізілетін семинардың мақсаты мұнай, газ және су жинау, даярлау және тасымалдау жүйелерін қолдану саласындағы, сонымен қатар ілеспе мұнайлы газды жою саласындағы жаңа технологияларды, құрылғыларды және химреагенттерді енгізуді талдау және тәжірибе алмасу болып табылады.

Көмірсутекті жобалар директоры Солодов Дмитрий Сергеевич «Грасис» ҒӨК көмірсутекті газын даярлау бойынша тиімді технологиялар» баяндамасымен сөз сөйледі.

Семинарда кең ауқымды мәселелерге арналған баяндамалар оқылды. Едәуір өзекті мәселелердің ішінде мұнайды жинау және даярлау жүйелерінің тиімділігін арттыру бойынша инновациялық технологияларды қолдану туралы, сепарация саласындағы жаңалықтар туралы баяндамалар, мұнайды даярлау технологияларындағы тиімділікті арттыру мәселелері бойынша баяндамалар болды.

Шара барысында мұнай құрамындағы күкіртті азайту; қыртысқа айдау алдында тауар кепілдікті су дайындау сапасын арттыру, мықты су-мұнайлы эмульсияларды бұзудың жаңа технологиялары, құрамында АСПЗ жоғары мұнайды даярлау және тасымалдау.

Қоғамдық оферта емес
Яндекс.Метрика