Инновациялар Сапа Тәжірибе
  • Басып шығару
  • сайт картасы
  • Ағылшын нұсқа
+7 (495) 777-77-34
жасыру

Гелий

Гелий

Гелий — Д. И. Менделевтің химиялық элементтері периодтық жүйеесі екінші қатарлы элементі, атом нөмірі 2. Периодты жүйенің бірінші периодында сегізінші топ бас топшасында орналасқан. Периодты кестесіндегі инертті газдар тобын бастайды. He (лат. Helium) белгісімен белгіленеді. Гелий қарапайым заты (CAS-номер: 7440-59-7) — түссіз, иіссіз және дәмсіз инертті бір атомды газ.

Гелий — Әлемдегі барынша көп таралған элементтердің бірі, ол сутегіден кейінгі екінші орынға ие. Сонымен бірге гелий жеңілдігі бойынша екінші тұрған (сутегіден кейін) химиялық элемент болып табылады.

Гелий фракциялық айыру деп аталатын төмен температуралық бөлу үрдісімен табиғи газдан алынады (Дистилляция мақаласындағы фракциялық дисталляцияны қараңыз).

Құрылғыға сұрау салу Құрылғыға сұрау салу Құрылғыға сұрау салу

Ашылу тарихы

Қарапайым заттың сыртқы түрі
Түссіз, дәмсіз және иіссіз инертті газ
Атом қасиеттері
Аты, белгісі, нөмірі Гелий/Helium (He), 2
Атом салмағы (моляр салмағы) 34,002602 а. е. м. (г/моль)
Электрон сырт пішіні 1s2
Атом радиусы (31) пм
Химиялық қасиеттері
Ковалентті радиус 28 пм
Ион радиусы 93 пм
Электр терістілігі 4,5 (Полинг бағаны)
Электрод әлеуеті 0
Тотығу деңгейі 0
Иондалу қуаты (бірінші электрон) 2361,3(24,47) кДж/моль (эВ)
Қарапайым зат термодинамикалық қасиеттері
Тығыздылығы (н. у.) 0,147 (−270 °C болғанда) 0,00017846 (+20 °C болғанда) г/см3
Еру температурасы 0,95 (2,5 МПа болғанда)
Қайнау температурасы 4,215 (4He үшін)
Булану жылуы 0,08 кДж/моль
Моляр жылу сыйымдылығы 20,79 Дж/(K·моль)
Моляр көлемі 31,8 см3/моль
Қарапайым зат кристалл торы
Тор құрылымы гексагоналды
Тор шамалары a=3,570; c=5,84 Å
Дебай температурасы 1,633
Өзге сипаттамалары
Жылу өткізгіштігі (300 K) 0,152 Вт/(м·К)

1868 жылы 18 тамызда француз ғалымы Пьер Жансен үнділік Гунтур қаласында толық күн тұтылу уақытында бола отырып бірінші рет Күн хромосферасын зерттеді. Жансен Күн тәжі спектрін тұтылу кезінде ғана емес, қарапайым күндерде-де бақылауға болатындай етіп спектроскопты қалыпқа келтіре алды. Келесі күні көк, жасыл-көгілдір және қызыл сутегі сызықтарымен бірге күн сәулесі протуберанц спект­рос­ко­пи­ясын­да Жансен және өзге бақылаушы астрономдар үшін натрийдің D сызығы ретінде қабылданған өте айқын сары сызық көрініс берді. Жансен кідіртпестен бұл туралы Франциз ғылымдар Академиясына жазды. Нәтижесінде күн спектріндегі айқын-сары сызық натрий сызығымен сәйкес келмейтіндігі және бұырн танымал химиялық элементтердің бірде біріне жатпайтындығы анықталды.

Екі ай өткеннен кейін 20 қазанда француз әріптесінің өңдеулері туралы білместен, ағылшын астрономы Норман Локьер күн спектріне зерттеу жүргізді. Толқын ұзындығы 588 нм (дәлірек 587,56 нм) бар беймәлім сары сызықты тауып, оны D3 ретінде белгіледі, себебі олар натрийдің Фраунгоферовтық сызықтарына D1 (589,59 нм) және D2 (588,99 нм) өте жақын орналасқан болатын. Еі жыл өткеннен кейін Локьер біріге жұмыс жасаған, ағылшын химигі Эдвард Франкландпен бірге жаңа элементке «гелий» (ер.гр. ἥλιος — «күн») атауын беруді ұсынды.

Жансен мен Локьердің Франциздық ғылымдар Академиясына жазған хаттары бір күнде — 1868 жылдың 24 қазанында келгендігі қызығушылық тудырады, алайда төрт күн бұрын жазған Локьер хаты бірнеше сағат бұрын ерте келді. Келесі күні қос хат Академия отырысында оқылды. Про­тубе­ранец­терді зерттеудің жаңа әдісі құрметіне Француздық академия медаль басып шығурады жөн көрді. Медалдің бір жағында лавр қиылысқан жапырақтары астындағы Жансен және Локьер суреттері, ал екінші жағында бар жылдамдығымен шауып келе жатқан төрт сәйгүлікті басқарушы Күн мифтік құдайы Аполлоны суреті бар.

1881 жылы итальяндық Луиджи Пальмиери вулкан газдарында (фумаролдарда) өздерінің гелийді ашқандығы туралы хабарламаны жариялады. Ол Везувия кратері аймақтарында газ, ағындыларынан тұнған ашық-сары майлы затты зерттеді. Пальмиери бұл вулкандық өнімді бунзенов жалындары тесіп қадады және осында бөлінетін газ спектрін бақылады. Ғалыммдар болса бұл хабарламаға сенімсіздікпен қарады, себебі Пальмиери өз тәжірибесін айқын емес сипаттаған болатын. Көптеген жылдар өте фумарол құрамынан шынымен-де гелий және аргонның үлкен емес көлемі табылды.

Текгелий өзінің алғашқы ашылғаннан 27 жыл өткеннен кейін гелий Жер бетінен табылды — 1895 жылы шотланд химигі Уильям Рамзай минералдың клевеитаға іруі кезінде алынған газ үлгісін зерттей отырып оның спектрінен бұрын күн спектрінде табылған ашық-сары сызықтар табылды. Үлгі қосымша зерттеулер үшін танымал, ағылшын ғалым-спект­рос­пко­писті Уильям Круксуға бағытталды, ол өз кезегінде үлгі спектрінде бақыланатын сары сызық D3 гелий сызығына сәйкес келеді. 1895 жылдың 23 наурызы Рамзай Лондон патшалық қауымдастығына, сонымен бірге танымал химик Марселен Бертло арқылы Француз Академиясына Жерде олардың гелийді ашқандығы туралы хабарламаны жөнелтті.

Қоғамдық оферта емес
Яндекс.Метрика