Инновациялар Сапа Тәжірибе
  • Басып шығару
  • сайт картасы
  • Ағылшын нұсқа
+7 (495) 777-77-34
жасыру

Мембраналық сутегі қондырғылары

Құрылғыға сұрау салу

Мембраналық газ бөлу қондырғылары өндіріске қайтаруға болатын сутегісі бойынша 92–99% дейінгі байытылған сутегі алуға мүмкіндік береді. Сутегі шоғырлануының жоғарылауы есебінен ре­цир­ку­ляци­ялаушы ГҚС шығыны барынша азаяды, бұл технологиялық компрессорлар қорларының барынша үнемделуін қамтамасыз етеді.

Мембраналық бөлу қағидасы бойынша жұмыс жасайтын Грасис сутегі қондырғылары 50 000 нм³/сағ. дейінгі өнімді, ағым кезінде 99,5%-ға дейін тастанды, қалдық, отын және өзге газдардағы сутегілерді шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Заманауи мембраналық сутегі қондырғылары криогенді және адсорбциялық жүйелерге табысты баламаны құрайды. Көп жағдайларда сутегі шоғырлануының мембраналық қондырғылары өзге технологиялар негізінде құрылғыны қолдану мүмкін емес немесе техникалық-экономикалық көзқарас тұрғысынан тиімсіз жағдайларда қолданылады.

Компанияның орындалған жобалары туралы толығырақ білу

Сауалдама парағы
Мембраналық сутегі қондырғыларыМембраналық сутегі қондырғыларыМембраналық сутегі қондырғылары
АртықшылықтарЖалпы сипатыТехникалық сипаттамаларҚолдануыБуклеттерҚұжаттама

Грасис мембраналық сутегі қондырғыларының артықшылықтары

  • Жаңа материалдарды қолдана отырып мембраналық модулдер
  • Шағын модулді қоршау құрылымы
  • 500-ден 50 000 нм³/сағ-қа дейінгі ауқымды диапазондыағындарды өңдеуге мүмкіндік беретін мембраналық модулдер тип өлшемдерінің үлкен қатарын қолдану
  • Мембраналық шешімдерді мұнай өңдеу және мұнай химиясында бірегей таңдау ететін қоспалар қатарына (жоғары көмірсутегілер, күкірт сутегісі және т. б.)қатынасы бойынша мембраналардың жоғары тұрақтылығы
  • Төмен қуатты шығындары бар жоғары шоғырланудағы сутегіні алу мүмкіндігі

Жалпы сипаты

Мембраналық сутегі қондырғыларының маңызды артықшылығы 10-нан 120 атм.-ға дейінгі бөлінетін газ әртүрлі қысымдарында жұмыс жасай білу мүмкіндігінде. Осыған қоса, адсорбциялық және криогенді жүйелермен салыстырғанда мембраналық қондырғыларда алынатын сутегінің тазалығын реттеуді жүзеге асыруға болады. Бұл талап етілетін міндеттерге тәуелді құрылғы жұмысының оңтайлы тәртібін таңдауға мүмкіндік береді.

Қондырғы құрамында жылжымалы бөлшектердің толық болмауы да үлкен жетістік болып табылады. Осының арқасында қолдану кезінде тек сенімді әрі күй талғамайтын құрылғы өндіруге мүмкіндік берілді. Осыған қоса қондырғы толығымен автоматталған, үздік техникалық сипаттамаларға ие және өте шағын.

Қондырғылар шағын қоршаулық негізде жеткізіледі, тапсырыс беруші алаңындағы құрастыру жұмыстарының көлемі минимумға теңестіріледі. Қажеттілігіне қарай тапсырыс беруші қажеттілігіне тәуелді қондырғы қосымша технологиялық құрылғымен жинақталады. Грасис сутегі қондырғыларының қызмет ету мерзімі үздіксіз жұмыстың 120-дан 180 мың сағатына дейін құрайды.

Мембраналық сутегі қондырғылары жалпы техникалық сипаттамалары

Шама атауы Мәні
Қондырғыдан шығу кезіндегі сутегі шамалары
  • Сутегі тазалығы, %
90—99,5
  • Газ қоспасы көлемді шығысы, нм³/сағ*
1000—50 000
  • қысым, атм
10—120
  • Шық нүктесі, °С
−40…−60
Қоршаған орта температурасы
  • Жұмыс уақытында, °С
+5…+40
  • Сақтау кезінде, °С
−20…+50
Қондырғының жұмыс қоры, мың сағ. 120—180

* Өнімділігі стандартты шарттарға келтірілген (t = 20 °C, P = 1 атм)

Грасис мембраналық сутегі қондырғыларын қолдану

  • Гидротазалау, гидрокрекинг, өлшеу, каталитикалық риформинг үрленгіш газдарындағы сутегінің шоғырлануы
  • Қажетті-деңгейге дейін қалаусыз қоспалардың шоғырландыруын төмендету
  • Пиролиз үрлегіш газдарында, алкан және алкен дегидрациялау кезінде, метанол өндірісі үрлегіш газдарында сутегі шоғырлануы
Қоғамдық оферта емес
Яндекс.Метрика