Инновациялар Сапа Тәжірибе
  • Басып шығару
  • сайт картасы
  • Ағылшын нұсқа
+7 (495) 777-77-34
жасыру
 

Азот қондырғылары және бекеттері

Құрылғыға сұрау салу

Ауа бөлу құрылғылары өндірісінің 15 жылдан астам тәжірибесіне ие бола отырып Грасис Компаниясы атмосфералық ауадан алынатын азотты өндіру бойынша толығымен автоматталған мембраналық қондырғыларды ұсынады. Грасис азот қондырғылары әрбір тапсырыс беруші техникалық тапсырмасына сәйкес жеке жобаланады және жүзеге асырылады. Азот қондырғылары үнемді, сенімді және қолдануда қарапайым.

Азот тазалығы — 99,95%-ға дейін, өнімділігі — 5000 нм³/сағ.дейін.

Грасис компаниясы атмосфералық ауадан азотты өндіру бойынша жоғары технологиялық стационарлық автоматталған қондырғыларын өндіреді. Азот қондырғылары жоғары тазалықтағы азотты алуға мүмкіндік беретін соңғы буын адсорбциялаушы материалдары көмегімен ауа қоспасын бөлу технологиясы негізінде жұмыс жасайды. Азот қондырғылары тапсырыс беруші техникалық талаптарынан ескере отырып жеке тәртіпте орындалады.

Азот тазалығы — 99,9995%-ға дейін, өнімділігі -5000 нм³/сағ.дейін.

«Грасис» ғылыми-өндірістік компаниясы шағын, сапалы және арзан бағалы азоттық генераторлардың тұтынуын қамтамасыз ету үшін өнімділігі аз, отандық және шетелдік азот генераторларға терең талдау жасап, NITROPOWER сериялық адсорбциялық азот генераторларын ұсынады. Азот генераторлары әртүрлі құрамдауда қолданылатын және қосымша опциялар жиынтығымен жабдықталуы мүмкін, NITROPOWER және NITROPOWER PLUS деп аталатын, екі нұсқада шығарылады.

Грасис компаниясы атмосфералық ауадан сұйық түріндегі-де, газ түріндегі-де азот өңдейтін азот қондырғыларын ұсынады. Азот қондырғылары криогенді технология негізінде жұмыс жасайды және жоғары тазалықтағы азот алуға мүмкіндік береді. Төмен температуралы ректификация арқылы ауадан бөлуге негізделген азотты өндіру жоғары тазалықтағы және өнімділіктегі азотты тұтынуға деген қажеттілігі бар тех­но­логи­ялар­да кең талап етіледі.

Азот тазалығы — 99,9999%-ға дейін, өнімділігі- 90 000 нм³/сағ дейін.

Грасис компаниясы дала шарттарында және әртүрлі климаттық зоналарда азот өндіруге арналған азот бекеттерін ұсынады. Азотты алу үшін ауа қоспаларын бөлу бойынша азот бекеттері мембраналық газ бөлу технологиясы негізінде жұмыс жасайды. Бекеттер өңделетін азоттың тазалығын кең ауқымда түрлендіре алады.

Азот тазалығы — 99,5%-ға дейін, өнімділігі — 5000 нм³/сағ.дейін.

Грасис компаниясы техникалық-пайдалану сипаттамалары бойынша бүгінгі таңдағы нарықтағы дала шарттарында және әртүрлі климаттық зоналарда азот өндірісіне арналған азотты компрессорлық бекеттерінің үздігін ұсынады. Азотты алу үшін ауа қоспасын бөлу бойынша жылжымалы азот бекеті мембраналық газ бөлу технологиясы негізінде жұмыс жасайды. Бекеттер өңделетін азоттың тазалығын кең ауқымда түрлендіре алады.

Азот тазалығы — 99,5%-ға дейін, өнімділігі — 20 нм³/мин.дейін, қысымы — 350 атм.-ға дейін.


Қоғамдық оферта емес
Яндекс.Метрика