Инновациялар Сапа Тәжірибе
  • Басып шығару
  • сайт картасы
  • Ағылшын нұсқа
+7 (495) 777-77-34
жасыру

Мембраналық оттегі қондырғылары

Құрылғыға сұрау салу

Грасис компаниясы ауадан оттегіні алуға арналған жоғары тиімді жүйелерді мембраналық технология базасында жүзеге асырады. Мембраналық оттегі қондырғылары 45%-ға дейінгі тазалықтағы оттегіні алуға мүмкіндік береді, мұндай жүйелердің қолданылуы экономикалық көзқарас тұрғысынан өте тиімді болып саналады. Тапсырыс беруші талап етілген шоғырлықтағы (30-дан 45%-ға дейін) оттегімен байытылған ауаны алады және өзіне қажет емес жоғары тазалық үшін артық төлем жасамайды.

Компанияның орындалған жобалары туралы толығырақ білу

Сауалдама парағы
Мембраналық оттегі қондырғылары
Жалпы сипатыТехникалық сипаттамаларБасқару жүйесіБуклеттерҚұжаттама

Жалпы сипаты

Мембраналық оттегі қондырғылары жұмыс қағидасы азотты мембраналық жүйелердің қызмет ету негізін қайталайды — яғни, мембрана материалы арқылы оттегі мен азоттың енуінің әртүрлі жылдамдығында. Айырмашылығы, азотқа қарағанда оттегі үлкен емес шығын қысымы арқылы шығатын тұтас өнім болып табылады.

Ауа бөлу мембраналық қондырғылар арқылы өңделетін 30–45% тазалықтағы оттегі қойылған міндеттердің ауқымды көлеміне шешім табу үшін өнеркәсіптің әртүрлі салаларында кең қолданылуы мүмкін. Мысалы, мұндай тазалықтағы оттегі металл кәсіпорындардағы технологиялық үрдістерде, металлдарды дәнекерлеу мен кесу кезінде қолданылуы мүмкін. Балық көбейтумен, асшаяндарын, шаяндар мен мидияларды өсірумен айналысатын компаниялар инкубациялық мақсаттарда мембраналық оттегі қондырғыларын қолданады.

Мембраналық оттегі қондырғылары жалпы техникалық сипаттамалары

Шама атауы Мәні
Қондырғыдан шығу кезінде оттегі шамалары
  • тазалығы, %
30—45
  • өнімділігі, нм³/сағ*
3—5 000
  • қысым, атм
0,03—1,00
  • Шық нүктесі, °С
−60…−70
Қоршаған орта температурасы
  • Жұмыс уақытында, °С
+5…+40
  • Сақтау кезінде, °С
−20…+50
Жұмыс тәртібінен шығу уақыты артық емес, мин 10
Мембраналық модулдер жұмыс қоры (өнімділікті 10%-ға азайту), мың сағ. 130—180

* Өнімділігі стандартты шарттарға келтірілген (t = 20 °C, P = 1 атм).

Басқару жүйесі

GRASYS Intelligent Control-7 GRASYS Intelligent Control-7 басқарудың заманауи жоғары зияткерлік жүйесі ГРАСИС оттегі қондырғысы жұмысына барынша мүмкін жеңіл әрі қолайлы бақылауға кепілдік береді.

GRASYS Intelligent Control-7 басқару жүйесі қамтамасыз етеді:

  • Қондырғы барлық жүйелері жұмысына толық бақылау
  • Қолмен, автоматты және алыстатылған басқару мүмкіндігі
  • Басқарудың жалпызауыттық жүйесінде қондырғыны басқару жүйесін интеграциялау мүмкіндігі
  • Негізгі технологиялық шамалардың рұқсат етілген шектеулерден асып кету жағдайларында апаттық құлыптаудың бар болуы
  • Оттегі тұтынуы болмаған жағдайда бекетті күту тәртібіне көшіру
  • Интернет арқылы қондырғылар шамаларын бақылау мүмкіндігін қосқанда қосымша опциялардың ауқымды жинағы
  • Бекеттердің негізгі техникалық шамаларын мұрағаттау
  • Басқару панелі барынша маңызды қызметтерге жылдам қолжетімділік үшін белсенді ЖК-дисплейге және «қызу» батырмаларға ие.
Қоғамдық оферта емес
Яндекс.Метрика