Инновациялар Сапа Тәжірибе
  • Басып шығару
  • сайт картасы
  • Ағылшын нұсқа
+7 (495) 777-77-34
жасыру

«Грасис» оқыту орталығы. Мамандарды оқыту

Құрылғыға сұрау салу

Мамандарды оқыту

«Грасис» ғылыми-өндірістік компаниясында Оқыту орталығы жұмыс істейді, оның негізгі міндеті — ауа және газ бөлу саласында мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру. Оқыту орталығына теңдес келетін еш орталық жоқ. Орталықтың оқытушылары осы саланың алдыңғы қатарлы мамандары, кандидаттар мен ғылым докторлары.

Білім беру бағдарламасы компанияның ең тәжірибелі қызмет көрсететін инженерлерінің қатысуымен «Грасис» ҒӨК ғылыми-техникалық департаментімен өңделген және ол жабдықты пайдаланудың барлық аспектілерін ескереді. Курстың ұзақтығы 72 ден 500 сағатқа дейін созылуы мүмкін, бұл мамандардың білім-деңгейі мен қажеттіілктеріне байланысты.

Қосымша кәсіби білім беру мына төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Мембраналық ауа бөлетін қондырғыны пайдалану және оған қызмет көрсету
  • Адсорбциондық ауа бөлетін қондырғыны пайдалану және оған қызмет көрсету
  • Көмірсутекті газ қоспаларын дайындаудың мембраналық қондырғыларын пайдалану және оған қызмет көрсету
  • Станциялар мен компрессорлық қондырғыны пайдалану және оған қызмет көрсету

Оқыту орталығында теориялық, сонымен қатар практикалық сабақтар үшін барлық жағдайлар жасалған. Сабақтар компанияның оқу сыныптарында, дербес өндіріс алаңдарының тікелей өнеркәсіптік азоттық, оттекті және көмірсутекті қондырғылар мен «Грасис» станцияларында, сонымен қатар арнайы сынақ жүргізілетін стендте жүргізіледі. Сонымен бірге, оқу үрдісі Тапсырыс берушінің де алаңында ұйымдастырылуы мүмкін.

Біліктілікті жоғарылату курсынан өткен соң Біліктілікті жоғарылату туралы Куәлік беріледі.

Қоғамдық оферта емес
Яндекс.Метрика