Инновациялар Сапа Тәжірибе
  • Басып шығару
  • сайт картасы
  • Ағылшын нұсқа
+7 (495) 777-77-34
жасыру

Су жылыту жүйесі бар ГРАСИС оңтайлы азот бекеттерін жеткізу

Құрылғыға сұрау салу
25 Қараша 2010

ГРАСИС компаниясы тапсырыс берушіге су жылытудың жүзеге асырылған жүйесі бар оңтайлы азот бекеттерін ұсынады.

Ережеге сай ГРАСИС компаниясы элетр жылыту жүйесі азот оңтайлы бекеттерін жинақтайды, көп жағдайда — бұл азот оңтайлы бекеттерін жылытудың ең қолайлы және қарапайым тәсілі. Тапсырыс берушіге толық зауыт даярлығындағы автономды азот бекеті қажет болса және осыған қоса тапсырыс берушідегі нысанда сыртқы жылу желілері және оларға ГРАСИС азот жүйесін қосу мүмкіндігі болса біз экономикалық көзқарас тұрғысынан тиімді болатын су жылыту жүйесін жүзеге асыруды ұсынамыз.

Су жылытудың берілген жүйесі бекітілген келісім шарт аясында «Сургутнефтегаз» ААҚ жеткізілген ГРАСИС азот оңтайлы бекетінде жүзеге асырылады.

Алынатын азот «Рогожниковскі кен орны ШДЦ ауданында газды компремирлеу және даярлау қондырғылары» құрылғысын үрлеу үшін қолданылатын болады. ГРАСИС азот бекетінің өнімділігі 99,7% тазалығы бар 50 метр куб азотты құрайды.

ГРАСИС оңтайлы азот бекетінде жүзеге асырылатын су жылыту жүйесі

ГРАСИС оңтайлы азот бекетінде жүзеге асырылатын су жылыту жүйесі

Қойлыған азот бекетінің құрамына кіреді: мембраналық газ бөлу блогі, ауа компрессоры, GRASYS Intellegent Control-7 басқару жүйесі, ауа ресивері, ауа даярлау жүйесі. Бекеттер толық даярлықта 12200×2440×2590 мм өлшемді блок-кон­тей­нер­лермен жеткізіледі. ГРАСИС оңтайлы бекеттері компрессорлары мен қондырғыларды тұтасымен алғанда ұзақ әрі сенімді жұмысына кепілдік беретін Еуропа және, АҚШ жетекші өндірушілері комп­рес­сорла­рымен жинақталады. Бекеттің негізгі түйіні — мембраналық газ бөлу блогі артқы тәртіпке жылдам шығуды және кепілдендірілген техникалық сипаттамаларды қолдау тұрақтылығын қамтамасыз ететін оңтайлы құрылымға ие.

Жеткізілген бекетте ГРАСИС таңбасымен бүгінгі таңда шығарылатын барлық құрылғылар секілді GRASYS Intelligent Control-7 заманауи зияткерлік басқару жүйесі қолданылған. Бұл жүйе сапалы автоматты, қолмен және қашықтықтан басқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді, мұрағаттай отырып технологиялық шамалар мониторингісін жүргізеді. GRASYS Intelligent Control-7 Интернетті қосқанда әртүрлі өнеркәсіптік желілерде жұмыс жасайды.

Озық құрылымдық жетістіктерді қолдану арқасында ГРАСИС азот бекеттері өз бойынша шағындылықты және жоғары өнімділікті, сонымен бірге қуат тиімділігін, осыған қоса сенімділікті, пайдалану кезіндегі күй талғамаушылықты және қарапайымдылықты үйлестіреді. Бекет жұмысы температуралық диапазоны −50-ден +50 °C-қа дейін құрайды.

Анықтама

«Сургутнефтегаз» мұнай-газ өндіруші компания — Ресей мұнай саласы ірі кәсіпорындарының бірі. Оның үлесіне Ресейдің мұнай ком­па­ни­яла­рымен алынатын газдың 25% және елдегі мұнайдың алынуының 13% шамасындағы көлемі келеді. Көптеген жылдар бойы кәсіпорын жаңа өндіруші ұңғымаларды іздеу, пайдаланушылық бұрғылау және пайдалануға енгізу бойынша сала көшбасшысы болып табылады.

Ақпараттың бір бөлігі http://www.surgutneftegas.ru сайтынан алынған.

This is not a public offer