Инновациялар Сапа Тәжірибе
  • Басып шығару
  • сайт картасы
  • Ағылшын нұсқа
+7 (495) 777-77-34
жасыру

«Грасис» ҒӨК қызметкерлердің кәсіби өсімі үшін жаңа мүмкіндіктер ашады

Құрылғыға сұрау салу
12 Тамыз 2013

«Грасис» ҒӨК кеңсесінде Инжиниринг орталықтары департаменттерінің және Коммерциялық дирекция басшылары үшін екі күндік корпоративтік бизнес тренинг өткізілді. Өндіріс көлемдерінің елеулі өсуіне, ірі ресейлік компаниялар үшін «кілтті» жобалар санының артуына және өндірістік қуаттардың кеңеюіне байланысты коммуникациялық машықтарды басқару және стандарттан тыс бизнес-міндеттерді шешу саласында «Грасис» ҒӨК менеджментін оқытуға бағытталған арнайы корпоративтік бағдарлама құрылды.

Барлық курс және негізгі әдістемелер компания жұмысының ерекшеліктеріне бейімделді. Газ орталарын өндіруге және бөлуге арналған технологиялар мен жабдықтар саласындағы көшбасшы болып, «Грасис» ҒӨК Тапсырыс беруші үшін барынша тиімділікпен ірі кешенді жобаларды құруға мүмкіндік беретін тұрақты даму мен жетілдіруге басымдық береді.

Екі күндік тренинг барысында қатысушылар үздік әдістемелермен танысу, ірі халықаралық компаниялар тәжірибесіндегі бизнес-кейстер мысалында теориялық үлгілерді талдау және арнайы семинар үшін дайындалған бизнес-ойындар барысында алынған білімдерді қолдану мүмкіндігіне ие болды. «Грасис» компаниясының қызметі РФ барлық аумағын, ТМД елдерін қамтиды, сонымен қатар шетелдегі көптеген ірі жобалар жүзеге асырылды, бұл бизнес тренингке дайындық кезінде ескерілді.

«Компанияның кадрлық саясаты мансаптық өсу үшін жағымды орта құруға, жаңа міндеттерді орындау және өзгеріп тұрған жағдайлар шекетерінде қызметкерлердің кәсіби машықтарын жетілдіруге бағытталған. Жақын арада біздің компанияда тағы бірнеше бизнес тренингтерді өткізу жоспарлануда», — деп, «Грасис» ҒӨК қызметкерлерді басқару жөніндегі департамент директоры, Ирина Викторовна Лебедева атап өтуде.

«Грасис» корпоративті саясаты өз алдында коммуникация машықтарын жақсарту, компанияның бизнес-үрдістерін оңтайландыру және Тапсырыс берушілермен жұмыс істеу үлгісін жетілдіру сияқты мақсаттар қояды.

This is not a public offer