|
«Ресейдің оңтүстігіндегі IDES инфрақұрылымының дамуы» ірі халықаралық көрмесінде «Грасис» ҒӨК стендін тамашалауға шақырамыз22 Тамыз 2013
Ханымдар мен мырзалар! «Грасис» ғылыми-өндірістік компаниясы — ТМД және Шығыс Еуропадағы ауа және газ бөлу саласындағы жетекші өңдеуші, өндіруші және EPCM-мердігер — 3-5 қыркүйек арасында өтетін «Ресейдің Оңтүстігіндегі — IDES инфрақұрылымын дамыту» 5-өнеркәсіптік көрмесінде компания стендін тамашалауға шақырады («GAS RUSSIA» бөлімі). IDES көрмесі – энергетиканы және ресурс үнемдеу, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, желілер мен коммуникациялар, сонымен бірге экологияны қамтитын жоба. IDES өз шеңберінде кәсібилермен біріге жұмыс жасайды және Краснодар өлкесін абаттандыру және оның инфрақұрылымын дамытудан бастап, маңызды газ жобаларымен аяқталатын көптеген сұрақтардың жылдам әрі сапалы шешім табылуына ықпал етеді. «Грасис» ҒӨК көрмеде 2010 жылдан бастап Ресейдің әртүрлі мұнай-газ кен орындарындағы өнеркәсіптік масштабтарда қолданылатын, табиғи және ілеспе мұнай газын кешенді даярлаудың өзіндік мембраналық технологиясын ұсынады. Компанияның стендінде сонымен бірге Сізде техникалық газдарды алу жүйелері аумаеғында жаңа жетістіктермен танысу мүмкіндігіңіз бар. Өз кәсіпорныңыз үшін өзекті міндеттерге қолданылатын, бізден шығарылатын қондырғы типтері бойынша біздің жетекші мамандарымыздан кеңес ала аласыздар. ![]() ГРАСИС стенді — № 1317 Павильон № 1 Көрмеде стендтердің орналасу сызбасы: Көрменің өткізілу күні және орны: 3 – 5 қыркүйек; «КУБАНЬ ЭКСПОЦЕНТР» көрме орталығы: Қала транспортымен жол жүру: «ДК ЗИП» аялдамасы: трамвайлар № 2, 5, 8; троллейбус № 21; автобустар № 170, 35, 11, 4, 122, 31; бағдар такси № 93, 21 Көрме ұйымдастырушыларының телефоны: +7 (495) 935 73 50 |