Инновациялар Сапа Тәжірибе
  • Басып шығару
  • сайт картасы
  • Ағылшын нұсқа
+7 (495) 777-77-34
жасыру

«Грасис» ҒӨК дәнекерлеу өндірісі технологиясының сапасын нақтылайды

Құрылғыға сұрау салу
27 Тамыз 2013

 «Грасис» ғылыми-өндірістік компаниясы Бақылау және дәнекерлеудің Ұлттық агенттігінде (ДБҰА) қайта аттестаттаудан өтті. ДБҰА – бұл бүкіл ресейлік дәнекерлеу өндірісін аттестаттайтын орталықтанған жүйесі. Процедура аясында дәнекерлеу өндірісінің мамандары, қондырғы және материалдар аттестатталды, үш жыл мерзімге жаңа сертификаттар алынды.

ДБҰА аттестаттау комиссиясының құрамына Ресейдің өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері бойынша сараптамаға кепілдік беретін Рестехқадағалау өкілдерінің қатысуы міндетті.

Орындалған монтаждау және құрылыс жұмыстары сапасының деңгейін анықтайтын негізгі сындарлардың бірі дәнекерлеуші мамандарды даярлау, сонымен бірге материалдар мен техникалық құрылғылардың сапасы болып табылады. Қайта аттестаттау процедурасы жұмыстың ажырамас шарты болып табылады. «Грасис» ҒӨК дәнекерлеу жұмыстарының жоғары сапасы мен қызметкерлердің кәсібилігіне кепілдік береді. Компания материалдар мен жинақтамалардың сапасынеа қатаң талаптар қояды. Осының барлығы ұлттық стандарттарға сәйкес келетін дәнекерлеудің ең жоғарғы сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

This is not a public offer