Инновациялар Сапа Тәжірибе
  • Басып шығару
  • сайт картасы
  • Ағылшын нұсқа
+7 (495) 777-77-34
жасыру

«Грасис» тобы үшін мансаптағы жаңа айналым

Құрылғыға сұрау салу
20 Қыркүйек 2013

«Грасис» ҒӨК жаңа кеңсесінде компанияда көп жылдар бойы жұмыс жасап, тәжірибе жинақтаған қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттау өтті. Компанияда 3-тен 10 жылға дейін жұмыс жасаған мамандар басшылықтан алғыс пен құнды сыйлықтар алды. Аталмыш мерекелік корпоративтік іс-шара компаниядағы ізгі дәстүр болып табылады. Әр тоқсан сайын «Грасис» ҒӨК-те осы кезеңде өз жұмысын бастаған қызметкерлерді марапаттау ұйымдастырылып отырады.

Өз сөзінде «Грасис» ҒӨК бас директоры Сергей Владимирович Потехин ұжымға деген алғысын білдірді: «Иық тіресе жұмыс жасаған жылдар ішінде біз гүлденген, динамикалы, ғылымды қажет ететін кәсіпорынның негізін қаладық. 12 жыл ішінде біздің компания ауа және газ бөлінісі аумағындағы нарықтың көшбасшысына айналды. Сіздерге компаниядағы дамуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын!».

Марапаттауға «Грасис» ҒӨК тату-тәтті ұжымының барлығы жиналды, ал бұл 350-ден астам адам. Бұл марапаттау барлығы үшін – кәсіби өсудің жаңа баспалдағы және тұрақты жетістік көрсеткіші.

Өндірістік қуаттылықтарды кеңейту және жүзеге асырылатын жобалармен қоса-қабат компанияның ішкі корпоративтік өмірі де қауырт дамып келеді. Кеңсенің аумағында үстел теннисін ойнауға арналған спорттық зоналар, интерактивті жабдығы бар сыйымды оқу сыныбы және кең аумақты асхана аймағы жасақталған.

«Грасис» ҒӨК кадрлық саясаты әлеуметтік бағдарды ұстанады және ұжым құруға бағытталған, онда еңбектену ғана емес, демалуға да жағымды болар еді. Ал көп жылдар бойы компанияда қызмет еткен тәжірибелі мамандарды ынталандыру, мадақтау және қолдау – қызметкерлермен жұмыстың маңызды бағыты.

This is not a public offer