Инновациялар Сапа Тәжірибе
  • Басып шығару
  • сайт картасы
  • Ағылшын нұсқа
+7 (495) 777-77-34
жасыру

Мамандар бәрін шешеді

Құрылғыға сұрау салу
10 Қазан 2013

«Грасис» персоналды басқару Департаменті «Синергия» бизнес мектебімен бірге өз мазмұны бойынша бірегей «Грасис» ҒӨК жетекші мамандарын оқыту және дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда.

Арнайы бағдарлама корпоративтік тренингтердің тиімді құралдары мен мультимедиялық құралдарды қолдана отырып, серіктес «Синергия» бизнес мектебі және Заманауи Бизнестің Мәскеу Институты тәжірибесі негізінде жасалынған және бизнес үдерістерді оңтайландыру және персонал жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған. Бағдарлама ерекшелігі «Грасис» ҒӨК орындалатын жобаларының ауқымды спектрімен байланысты: табиғи және ілеспе мұнай газын даярлау қондырғыларын, азот өрт сөндіру қондырғыларын, сутегі қондырғыларын, азот және оттегі стационарлық қондырғылары мен мобильді стансаларды жасау және даярлау. Әрбір бағыт үшін оқыту бойынша жеке шешім қабылданды.

«Грасис» мамандарын оқытуды Росбизнес.ру нұсқасы бойынша ресейлік бизнес-тренерлердің топ-парағына кіретін, кәсіби сертификатталған ICF коуч жүргізеді.

«Грасис» компаниясының штаты көптеген бағыттар бойынша қызметтерді жүзеге асыратын 350ден астам адамнан құралған. 2013 жыл ішінде 65% астам қызметкерлері персоналды оқыту бағдарламасына қатысқан. Бағдарлама аясында жыл соңына дейін осындай бизнес-тренингтердің бірқатарын жүргізу жоспарлануда. ТМД мен Еуропадағы ауа және газ бөлу нарығында көшбасшы бола отырып, «Грасис» ҒӨК компания мамандарының кәсіби дағдыларын жоғарылату бойынша үнемі жұмыс жүргізеді.

This is not a public offer