Инновациялар Сапа Тәжірибе
  • Басып шығару
  • сайт картасы
  • Ағылшын нұсқа
+7 (495) 777-77-34
жасыру

Бәсекелестік инжиниринг

Құрылғыға сұрау салу
14 Қазан 2013

Сатып алу және логистика департаменті, Инжинирнгтік орталық қызметкерлері Басқару және, ақпараттық технологиялар департаментімен бірге параллельді инжиниринг (concurrent engineering) тұжырымдамасын жүзеге асыратын басқарудың автоматтандырылған жүйесін пайдалануға берді.

«Бұйымның өмірлік айналымының тиімділігін арттырудың барлық шарттары мен факторларын қамти отырып, жаңа бағдарламалық кешен біздің өніміміздің біріктірілген параллельді өңделуін, жеткізілімдер тізбегінің бір уақыттағы синхронды тізілуін және өндірістің технологиялық процестерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді», — деген түсінік береді «Грасис» ҒӨК басқару және, ақпараттық технологиялар бойынша бас директорының орынбасары Игорь Панин.

«Параллельді инжиниринг» (немесе «параллельді инженерлік өңдеме») 80 жылдардың аяғанда, АҚШ-та өңдеу мерзімдерін қысқарту, жаңа өнімді жылдам шығару және оның сапасын қамтамасыз ету жолымен өндірісті оңтайландыру және бәсекеге қабілеттілікті ұлғайту үшін пайда болған. Бұйымдарды синхронды түрде дайындау, жеткізілім және өндірістің технологиялық аспектілерінің тізбегін бірегей жүйеде даярлау құжатнаманы өңдеуді 70%-ға қысқартуға, өзгерістерді енгізуді 65–90%-ға жылдамдатуға және өндіріске өнімнің жаңа түрлері мен модификациясын оны жобалаумен бір уақытта дерлік іске қосуды қамтамасыз етуге көмектеседі.

Параллельді инжиниринг жүйесін Еуропалық ғарыш агенттігі, NASA Integrated Design Center, French Space Agency, Boeing сияқты шетелдік компаниялар қолданады. Жүйе әдістері белгілі бір дәрежеде Ресейдің ірі машинажасау кәсіпорындарында енгізілген, соның ішінде «ОКБ им. П. О. Сухого» ААҚ, «Туполев» ААҚ және басқаларында.

Заманауи жоғары интеллектуалдық инжинирингтік технологияларды қолдану техникалық тұрғыдан күрделі өнімдерді өндіруді ең қысқа мерзімде компанияға Тапсырыс берушінің жекелеген талаптары мен тілектерін ескере отырып қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Заманауи басқару жүйелерінің бірігуі «Грасис» ғылыми-өндірістік компаниясының дамуының стратегиялық тұрғыдан маңызды бағыты болып табылады. Тапсырыс берушілер үшін ірі масштабтағы өнеркәсіптік жобаларды орындай отырып, компания өзінің бәсекелестік басымдылықтарын бекітіп және ТМД мен Шығыс Еуропадағы ауа және газ бөлінісі аумағындағы өзінің көшбасшылығын растай отырып, үнемі жаңа технологиялы шешімдер енгізуде.

This is not a public offer