Инновациялар Сапа Тәжірибе
  • Басып шығару
  • сайт картасы
  • Ағылшын нұсқа
+7 (495) 777-77-34
жасыру

Жаңа өнеркәсіптік көкжиектер

Құрылғыға сұрау салу
8 Қараша 2013

«Грасис» ғылыми-өндірістік компаниясы өндірістік күш қуатты ұлғайтудың ұзақ мерзімдік бағдарламасын жүзеге асырудың кезекті сатысын аяқтады. Мәскеу түбіндегі Ступино қаласындағы зауыттың аумағында екі қоймалық кешен пайда болды және жаңа өндірістік цех ашылды. Бағдарлама 2016 жылға дейінгі мерзімге есептелген.

Жобаны жүзеге асыру туралы шешім «Грасис» ҒӨК директорлар кеңесінің мәжілісінде қабылданған болатын. Бұл компания өндірісінің негізгі бағыттары бойынша (Тапсырыс берушінің қажеттіліктері үшін ауа бөлетін және газ бөлетін жабдықтардың өндірісі мен оны өңдеу), сонымен қатар ілеспе мұнай газын дайындау және қайта өңдеу саласындағы ірі масштабты кешенді жобалардың бірнеше түрлерін жүзеге асыру бойынша жобалық қызметтердің кеңеюімен байланысты.

«Компанияның мүмкіндіктері мен алдыңғы қатарлы бағыттар бойынша алдағы мүмкіндіктерді ескере отырып, біз өндірістік күш қуатты ұлғайтуға шешім қабылдадық. Бұл компанияның дамуы үшін маңызды қадам. Ескертетін жайт, ауа және газ бөлетін жабдықтарға деген сұраныс жоғары. Біз мұны осы жылғы ұлғая түскен сату көлеміне байланысты білеміз», — деп «Грасис» ҒӨК бас директоры Сергей Владимирович Потехин түсініктеме берді.

Осы істі ұлғайтумен қатар Ступинодағы «Грасис» зауытындағы мамандарды көбейту керек. Өндірістік алаңдарды ұлғайтқан соң шығарылатын өнімдер 70% ұлғаятын болады. Қазіргі уақытта «Грасис» ҒӨК бүкіл әлемде 350 артық клиенттерді қамтамасыз етумен айналысуда.

This is not a public offer