Инновациялар Сапа Тәжірибе
  • Басып шығару
  • сайт картасы
  • Ағылшын нұсқа
+7 (495) 777-77-34
жасыру

«Грасис» жаңа басқару жүйесін іске қосу

Құрылғыға сұрау салу
30 Қаңтар 2014

«Грасис» инжинирингтік орталығының қызметкерлері кеңейтілген қызметі және заманауи сезімтал-түсінікті интерфейсі бар жаңа Grasys Intelligent Control-7 Version 3.0 басқару жүйесін жасаған және енгізген.

Жасалған 3,0 нұсқалы басқару жүйесінің кеңейтілген реттеу және сервис қызметтері бар. Енді технологиялық сызбаны дербес түрде құрастыруға болады, ал жүйе автоматты режимде оған толық бейімделеді. Мұрағаттау және оператор әрекетерін жазу жүйесі жаңартылған және жетілдірілген, осының есебінен мәліметтерді бір жыл мерзімге сақтау тереңдігіне қол жеткізілді. АЖБ арналған жаңа тиімді интерфейс қолданылған, ол құрылғыны басқаруды оқыту үдерісін, жүйедегі қажетті парамтерлерді іздеуді оңайландырады.

Барлық өзгертулер құрылғыны іске қосу-реттеуге жұмсалатын уақытты қысқартуға, еңбек шығынын азайтуға, сонымен қатар, жүйенің Тапсырыс берушінің барлық технологиялық шешімдеріне бейімделгіштігін арттыруға бағытталған.

«Грасис — инжинирнгтік орталығының әр әзірлемесі — бұл ауа-газ ажырату нарығындағы дамудың жаңа екпіні. Біз ең жаңа технологиялар мен тиімді шешімдерді қолдану арқылы өз өнімдерімізді тұрақты түрде жетілдіруге тырысамыз», — деп атап өтті Грасис ҒӨК бас директоры Сергей Владимирович Потехин.

This is not a public offer