Инновациялар Сапа Тәжірибе
  • Басып шығару
  • сайт картасы
  • Ағылшын нұсқа
+7 (495) 777-77-34
жасыру

ГРАСИС сутегі қондырғылары — отынның жаңа класына көшудегі НПЗ үшін тиімді шешім

Құрылғыға сұрау салу
14 Сәуір 2010

Отынның жаңа класына көшу және жаңа техникалық регламент күшіне енуі көптеген МӨЗ үшін бензин және дизель отынын өндіру кезінде күкірт және хошиісті көмірсутегілердің құрамын төмендету бойынша міндеттердің жылдам шешімін табу қажеттілігін туғызады. Осыған байланысты кәсіпорын гидротазалау және изомерация үрдісінде қолданылатын сутегі сапасына жоғары талаптар қоюда.

Ресей Федерациясы Үкіметінің Мәскеу қ., 2008 жылдың 30 желтоқсанындағы № 1076 «Ресей Федерациясы Үкіметінің 2008 жылдың 27, ақпаны № 118 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап ел тер­ри­тори­ясын­да өңделетін барлық бензиндер Еуро-3 класына сәйкес келуі тиіс, ал 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық отындар дизель-де, бензин де Еуро-4 класына сәйкес болуы тиіс. Осылайша, үш жыл ішінде ел толығымен батыс елдерінде қолданылатындарға толығымен ұқсас заманауи, экологиялық таза отынға көшірілуі тиіс.

Технологиялық ағымдардан сутегіні бөліп алу бойынша ГРАСИС қондырғылары мембраналық және адсорбциялық технологияның жаңа жетістіктерін қолданады және жаңа мемлекеттік стандарттарға сәйкес дизель отынын және бензинді өндіруде күкірт құрамын келтіру және мұнай өңдеу кәсіпорындарының тиімділігін жоғарылату үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

ГРАСИС компаниясының мамандары кәсіпорын сутегі шеңбері жұмыс тиімділігін жоғарылататын және сутегіге деген қажеттілікті толығымен қанағаттандыратын шешімді әрбір тапсырыс берушіге ұсынуда сутегіні бөліп алу технологиясын жетілдіру үшін үнемі жұмыс жасауда.

ГРАСИС компаниясы 99,5%-ға дейін сутегі шоғырлануы, 120 атм.-ға дейін қысым болғанда сағатына 50000 куб метр өнімділігі шоғырлану мүмкіндігі бар мембраналық технология негізінде сутегіні бөліп алу және шоғырландыру бойынша тапсырмалардың бірқатарын шешу үшін қондырғы ұсынуға даяр.

ГРАСИС сутегі қондырғысы

ГРАСИС сутегі қондырғысы

Адсорбциялық технология негізіндегі ГРАСИС сутегі қондырғылары қысымы 30 атм.болғанда өнімділігі сағатына 70 000 куб метрге дейін сутегіні 99,9995%-ға дейін шоғырландыруға мүмкіндік береді.

ГРАСИС компаниясы техникалық газдарды алуға, сутегіні шоғырландыруға және ілеспе мұнай газын кәдеге жаратуға арналған құрылғыларды шығаратын жетекші ресей компаниясы және Еуропадағы ірі өндірушілердің бірі болып табылады.

This is not a public offer