Инновациялар Сапа Тәжірибе
  • Басып шығару
  • сайт картасы
  • Ағылшын нұсқа
+7 (495) 777-77-34
жасыру

ГРАСИС компаниясы Иркутскі мұнай компаниясына арналған азот мембраналық қондырғысын жеткізіп берді

Құрылғыға сұрау салу
17 Ақпан 2010

Бекітілген келісім шарт аясында ГРАСИС компаниясы «Иркутскі мұнай компаниясы» ЖШҚ үшін азот мембраналық қондырғысын жеткізіп берді. ГРАСИС қондырғысынан алынатын азот Ярактинскі кен орнында (Усть-Кутскі және Катанг ауаданы Иркутскі облысы) мұнай даярлау қондырғыларына жылыту пештерін сөндіру үшін қолданылатын болады.

Қойылған қондырғы 99,5% тазалықтағы азоттың 25 метр кубын өндіреді. Азот қондырғысы толығымен автоматты тәртіпте жұмыс жасайды, жұмыс үрдісінде адам қатысуын талап етпейді. ГРАСИС азот жүйелерінің негізгі түйіндері газ бөлу блогі, компрессор, ауа кептіру блогі және басқару жүйесі болып табылады. Қондырғы газ бөлу блогінде қозғалмалы бөліктер толығмен жоқ, бұл жүйенің нағыз сенімділігн қамтамасыз етеді.

Қондырғы жүйе жұмысына барынша толық және тиімді бақылау жүзеге асырылатын заманауи автоматты басқару жүйесімен (АБЖ) қамсыздандырылған. Бекет жұмысының қолмен және автоматты жергілікті басқаруынан өзге қашықтықтан басқару да мүмкін. АБЖ қондырғы құрылғыларының жеке бірліктеріне немесе олардың топтарына басқару жүргізуге мүмкіндік береді, бұл оның қолданылуының икемділігін жоғарылатады.

Азот алуға арналған ГРАСИС өндірісі мембраналық қондырғылары химия, мұнайхимия, металлургия, тағам кәсіпорынарында және көптеген өзге салаларда, мұнай-газ кешенінде кең қолданысқа ие. ГРАСИС азот, оттегі өндіру, газ қоспаларын реттеу және т.б. арналған мембраналық және адсорбциялық қондырғылардың көшбасшы әлемдік өндірушілерінің қатарына кіреді.

Анықтама

Бүгінгі таңда Иркутскі Мұнай Компаниясы еншілес кәсіпорны арқылы 11 кен орны және лицензиялық телімдерін өңдеуге қатысады. 2009 жылдың нәтижелері бойынша холдинг құрылымына кіретін қоғам 370 мың тонна көмірсутегі шикізатын игерген.

This is not a public offer